Нұрұлы Елдар 2015 ж. ҚазҰУ-дың РГжТ кафедрасында «Туризм» мамандығын бітірді (қызмет көрсету бакалавры академиялық дәрежесі). 2017 ж. сол оқу орнында дәл осы мамандық бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды. 2022 ж. ҚазҰУ-дың Жоғары экономика және бизнес мектебінің менеджмент кафедрасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» БББ бойынша докторантураны тәмамдады. 2013 ж. Үрімші (Қытай) және 2014 ж. Дубай (БАӘ) қалаларында академиялық тәжірибеден өтті. 2015 ж. Белгород (Ресей) қ. ҒЗУ БелМУ-де «Пегас-2015» халықаралық жастар жобаларды басқару мектебі аясында, 2016 ж. Будапешт (Венгрия) қ. Kodolanyi Janos University of Applied Sciences-те магистратура бағдарламасы бойынша, 2019 ж. Мәскеу қ. (РФ) МИСИС ҰТЗУ- де, 2022 ж. Анталия (Түркия) қаласындағы Akdeniz University-де докторантура бағдарламасы аясында, сол жылы Сидзуока қ. (Жапония) University of Shizuoka-да, 2024 ж. Серданг қ. (Малайзия) Universiti Putra Malaysia-да және 2025 ж. Гонконг қ. (ҚХР) The Hong Kong Polytechnic University жанындағы School of Hotel and Tourism Management ұйымдастырған Қысқы мектепте тағылымдамадан және/немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтті. 2015-2020 жж. ҚазҰУ-дың «Ғылыми-технологиялық паркінде» жобалар менеджері болып жұмыс істеді, ал 2018 ж. бастап КҒҚ, кейін ҒҚ лауазымдарында қатар еңбек етті. 2019 ж. бері РГжТ кафедрасында сабақ береді. Оның жетістіктері «Алтын кітап» республикалық байқауында жеңіске жетіп, ҚР-ның жастарға арналған «Алтын төсбелгі» (2020) иеленуімен, талантты жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиямен (ҚР БҒМ, 2021), «ТМД-ның үздік жас ғалымы» (2021) мәртебесіне ие болуымен және «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» (2024) атағымен атап өтілді. ҚР ҒЖБМ, ҚР АШ, «Ғылым қоры» АҚ, ҚР АҚДМ желілері бойынша және шаруашылық келісімшарттар аясында гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың 16-дан астам жобасына қатысты. 10 жылдан астам ғылыми-педагогикалық өтілі бар. Scopus, Web of Science, РҒДИ базаларында индекстелген және ҒЖБССҚЕК ұсынған, сондай-ақ конференциялар жинақтарында жарық көрген 80-нен астам ғылыми еңбектердің авторы, 8 монографияны бірлесіп басып шығарған, 52 зияткерлік меншік нысанына (оның ішінде ҚР-ның 3 өнертабыс патентіне) ие, 12 ғылыми нәтижені енгізу актісін алған. 2019 ж. бері “Young Researchers Alliance” ҚБ-нің мүшесі, Taylor & Francis, Elsevier, Science PG халықаралық баспаларының журналдарында рецензент және International Journal of Hospitality & Tourism Management журналының редакциялық алқасына кіреді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2015 |
6
құжаттар
3