Өмірбаян Мен, Токбергенова Ұлжалғас Абдіғаппарқызы, 1975 жылғы 29 мамырда Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келдім. 1982 жылы орта мектепке қабылданып, 1992 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Абай Құнанбаев атындағы №12 орта мектепті тәмамдадым. 2009–2011 жылдар аралығында магистратурада білім алып, «География» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін иелендім. 2012–2015 жылдары оқытушы қызметін атқардым. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы технологиялық университетінің «Туризм және сервис қызметі» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеймін. Негізгі қызметіммен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 0,5 ставка бойынша қоса атқарушы қызмет атқарамын. 2021 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «8D05203 — География» мамандығы бойынша докторантурасына түсіп, 2024 жылы аталған мамандық бойынша оқуымды аяқтадым. Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілім — 14 жыл. 60-тан астам ғылыми еңбектің авторымын, оның ішінде қазақ тілінде жарық көрген 3 оқу құралы бар. Шетелдік басылымдарда 14-тен астам ғылыми мақалам жарияланған, оның ішінде Scopus дерекқорында индекстелетін журналдарда жарияланған 2 мақала бар. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталдым. Отбасылық жағдайым — тұрмыстамын. Жолдасым — Токкожаев Мақсат Зейдилдаевич, 1970 жылы туған, «ҚТЖ» АҚ «Теміржолсу-Алматы» филиалы директорының орынбасары болып қызмет атқарады. Ұлым — Токкожаев Диас Мақсатұлы, 1999 жылы туған, докторант. Үй мекенжайым: Алматы қаласы, Таусамалы шағынауданы, әл-Фараби көшесі, 2-үй. 01.02.2026 ж.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Шымкент
Бакалавриат
2008

ҚазМемҚызПИ

Жоғары

1998

Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0