Зайниева Лилия Юсуповна – тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы, саясаттану профессоры, МАИН академигі. 1971 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетін үздік бітірген, 1974–1977 жылдары Мәскеудегі ВЛКСМ Орталық Комитеті жанындағы Жоғары комсомол мектебінің аспирантурасында білім алған. Өз еңбек жолын комсомол-партия органдарында бастаған. Кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтында, Қазақстан Республикасының Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінде, ҚР Президенті Архивінде, ҚР Жоғары аттестациялық комиссиясында, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де қызмет атқарды. 2017 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында профессор қызметін атқарып келеді. Ғылыми қызығушылықтары: жастарды дамыту, жастар саясаты, әсіресе мемлекеттің жастарға саясаты және оны жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі, сондай-ақ саясаттану ғылымының қалыптасуы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысты мәселелер. 250-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы. Жарияланымдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Қазақстанда, Ресейде, Австрияда, Германияда, Чехияда, Швецияда және басқа елдерде жарық көрген. Жекелеген («Мемлекеттік жастар саясаты: әлемдік тәжірибе контекстіндегі Қазақстан» – қазақ және орыс тілдерінде) және ұжымдық монографиялардың, түрлі журналдар мен конференциялар жинақтарындағы ғылыми мақалалардың авторы. Төрт мақаласы Scopus мәліметтер базасына кіретін басылымдарда, ал 42 еңбегі Қазақстан Республикасының аттестация органы ұсынған журналдарда жарияланған. Докторанттармен, магистранттармен және бакалаврлармен ғылыми жетекшілік жұмыс жүргізеді. 2023–2025 жылдары екі бакалавр студент Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы «Ғылым және Білім» (РФ) ұйымдастырған жас ғалымдардың «Ломоносов» халықаралық байқауының жүлдегерлері атанды. Марапаттары: «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері; ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған; Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі, «Еңбек ардагері», «Eren enbegi üşin», А.Байтұрсынов атындағы медаль иегері.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1971

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
27.05.2004

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
профессор
21.04.2005
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін 01.01.2011
"Қазақстан Республикасаы білім беру ісінің құрметті қызметкері белгісі 01.01.2008
Қызығушылығы