Молбасынова Жұмакүл Маратовна 1971 жылғы 10 қыркүйекте Жетісу облысында дүниеге келген. 1993 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығын үздік дипломмен бітірді. 2012 жылы 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 1993 жылы І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасына оқытушы-тәлімгер ретінде жұмысқа қабылданып, 1996-2005 жылдары осы кафедраның оқытушысы, 2006-2021 жылдары І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде аға оқытушысы қызметін атқарды. 2021-2022 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде Жағдаяттық басқару орталығында бас маман қызметінде оқу процесіне мониторинг жұмысын жүргізді. 2022 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нде «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түсті. Бүгінгі күнге дейін аталмыш университеттің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында аға оқытушы қызметінде дәріс оқиды. Педагогикалық еңбек өтілімі жоғары оқу орнында - 32 жыл. Ғылыми еңбектері: 2 – оқу әдістемелік нұсқау, 3 – әдістемелік оқу құралының, 4- электронды оқулық, 60-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы. Соның ішінде: 4 - мақала SCOPUS, 2- мақала Web of Science журналдарында; 7 - мақала (КОКСОН журналдары); 3- мақала ғылыми дәйексөздің Ресейлік индексі (РИНЦ) жоғары басылымдарда жарық көрген. 4- авторлық куәлік бар. Хирша индекс 1. Кәсіби білімін үздіксіз жетілдіру мақсатында 30- ға жуық біліктілікті арттыру курстарынан өткен: Coursera, Huawei ICT Academy, «Создаем онлайн курс: от теории к практике» МООК, «Развитие эмоционального интеллекта у современного подростка», «Инклюзивті білім беру» сияқты халықаралық платформаларда кәсіби даму курстарынан өткен. Орыс, қазақ тілдерінде еркін сөйлейді, ағылышын тілін сөздікпен біледі. Отбасын құрған, екі бала, екі немере тәрбиелеп отыр.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Жансүгіров ат.Талдықорған пед.инст.
Жоғары
1993
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0