Турсумбаева М.О. 2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Гидрометеорология» мамандығы бойынша табиғаттану бакалавры дәрежесін алды. 2015-2017 жылдары Айова мемлекеттік университетінде «Қоршаған орта ғылымы» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. 2024 жылы «Қазақстанның ірі қалаларындағы метеорологиялық параметрлердің ауа сапасына әсері» тақырыбында докторлық диссертациясын табысты қорғады. Турсумбаева М.О. метеорология және экология саласының оқытушысы, «Атмосфералық қашықтан зондтау» және «Балама энергия көздерінің қол жетімді потенциалы» пәндері бойынша дәрістер мен зертханалық жұмыстар өткізеді. Ол Scopus базасында индексаланған 9 мақаланың авторы, оның 6-ы бірінші және екінші квартильде. Хирш индексі – 5. 2023 жылы Турсумбаева М.О. ҚазҰУ-дың ең үздік жас ғалымы атанып, университеттің ең үздік 10 жас ғалымының қатарына кірді. Қазіргі уақытта ол 2024-2026 жылдары аралығында «Жас ғалым» жобасының жетекшісі (жоба нөмірі AP22686414) болып табылады, жобаның тақырыбы – «Алматы қаласындағы PM2.5 концентрациясына метеорологиялық факторлардың әсері және WRF-CHIMERE моделін қолдана отырып, ауа ластануын тасымалдау анализі».
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2012 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
10.06.2024 |
8
құжаттар
5