Рысалиева Лаура Сергеевна 2013–2017 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Метеорология» мамандығы бойынша бакалавриатта білім алды. 2017–2019 жылдары осы мамандық бойынша магистратурада оқуын жалғастырды. Кәсіби қызметін 2019 жылы «ҚазЭкоПроект» ЖШС-да атмосфералық ауа бөлімі жетекші маманы лауазымында бастап, атмосфералық ауаның ластануын бағалау және талдау мәселелерімен айналысты. 2023 жылы Қазақстан-Германия университеті жанындағы Табиғи ресурстар және тұрақты даму орталығында ғылыми-зерттеу қызметін жалғастырды. 2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында 8D05204 – «Метеорология» мамандығы бойынша докторантураға қабылданды. 4 ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 2 мақала Scopus және Web of Science халықаралық деректер базаларында индекстелген. Хирш индексі — 1. 2015 жылдан бастап құрғақшылықты және атмосфералық ауаның ластануын зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу жобаларына белсенді түрде қатысып келеді. Қытай Ғылым академиясының Атмосфера физикасы институтында (Пекин қ., Қытай), Висконсин– Мадисон университетінде (Мадисон қ., Висконсин штаты, АҚШ), сондай-ақ Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университетінде (Санкт-Петербург қ., Ресей) ғылыми тағылымдамалардан өтті. Қазіргі уақытта 2025–2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» ғылыми жобасының жетекшісі болып табылады: AP25796409 «Машиналық оқыту әдістері негізінде Солтүстік Қазақстан үшін атмосфералық құрғақшылық тәуекелін бағалау және ерте ескерту жүйесін әзірлеу».
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
|---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Бакалавриат |
2017 |
1
құжаттар
0