Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Метеорология және гидрология / Әлімбай Алмас Медетжанұлы

Әлімбай Алмас Медетжанұлы

Лауазымы: оқытушы
метеорология және гидрология кафедрасы
Alimbay.Almas@kaznu.kz
8(775) 220-20-02 вн:1602
       Әлімбай Алмас Медетжанұлы 1996 жылғы 16 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Отбасылық жағдайы – үйленбеген. 2014–2018 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, Метеорология және гидрология кафедрасында «Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры дәрежесін алған. 2019–2021 жылдары аталған университеттің География және табиғатты пайдалану факультеті, Метеорология және гидрология кафедрасында «Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді. 2024 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, Метеорология және гидрология кафедрасында «Гидрология» білім беру бағдарламасының PhD докторанты. Еңбек жолы: • Жалпы еңбек өтілі – 5 жыл. • 2021–2022 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті, Метеорология және гидрология кафедрасының маманы. • 2022–2026 жж. – аталған кафедраның оқытушысы. Сонымен қатар, «Гидрология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерінің куратор-эдвайзері. • 2022 жылдан бері – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы (профориентолог). • 2023–2024, 2024–2025 және 2025–2026 оқу жылдарында – География және табиғатты пайдалану факультетінің аға куратор-эдвайзері. • 2026–2027 оқу жылынан бастап – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті, Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы қызметтік міндеттері: Білім алушыларға дәріс және практикалық сабақтар жүргізеді, оқу- әдістемелік жұмыстармен айналысады, дипломдық жұмыстарға жетекшілік етеді, студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады. Сонымен қатар факультеттің кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге және қабылдау комиссиясының қызметіне белсенді қатысады.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2018
Академикалық дәреже

1

Әлімбай Алмас МедетжанұлыАктымбаева А.С., Мусина А.К., Жанабаева Ж.А., Рысмагамбетова А.А., Маштаева Ш.И. A Decade-Long Assessment of Water Quality Variability in the Yelek River Basin (Kazakhstan) Using Remote Sensing and GIS 2025 - г. 30 - стр. 9809
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0