Жатқанбаев Ержан Байғожаұлы 1944 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы Талғар ауданы, Бес Қайнар ауылында дүниеге келді. 1961 жылы мектепті, 1968 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ экономика факультетін бітірді. 1968-1971 жылдары аталған факультеттің аспирантурасында оқыды. 1979 жылы кандидаттық, ал 1996 жылы докторлық диссертациясын тиісінше ММУ мен Қырғызстан Республикасы Ғылым Академиясында қорғады. 1971 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі Жамбыл технологиялық институтының Алматы филиалында ассистент ретінде жоғары оқу орны жүйесінде педагогикалық жұмысын бастады. 1979 жылдан 1984 жылға дейін Қазақ КСР Жоғары білім министрлігінде жұмыс істеді. 1984 жылы ҚазҰУ-дың философия-экономика факультетіне ауысты. Ол жерде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, деканның міндетін атқарушы, декан, проректор, сондай-ақ Халықаралық қатынастар факультеті мен ЭБЖМ деканы қызметтерін атқарды. 1970 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 270-тен астам ғылыми мақалалары, брошюралары, кітаптары, монографиялары, оқулықтары, оқу және ғылыми-әдістемелік құралдары жарық көрді. 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін экономика кафедрасының, ал қазір Менеджмент кафедрасының профессоры болып жұмыс істейді. Соңғы жылдары мен монографиялар жариялады. (2014 ж. «Аралас экономика танымының логикасы», 2020 ж. «Техника мен технологияның интеллектуализациясы – Төртінші өнеркәсіптік революцияның мазмұны», 2014 ж. «Экономика мемлекеттік реттеу», 2006 ж. «Экономика теориясы бойынша практикалық құралым»).
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
М.В.Ломоносов атынд. ММУ |
Жоғары |
1968 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Доктор |
17.05.1996 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
профессор |
17.01.1997 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант "2005 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | 01.01.2006 |
2
құжаттар
1