Сағындықов Нұрлан Берікбайұлы 04.04.1963 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеті, араб бөлімін үздік бітіріп, еңбек жолын Алматы қаласының Ш. Смаханұлы атындағы №62 қазақ орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1988-1992 жылдары ҚР ҰҒА М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иститутының аға лаборанты, аспиранты және ғылыми қызметкері болып қызметтер атқарды. 1991 жылы «Көне түркі жазба ескерткіштері мен қазақ халық ауыз әдебиетіне ортақ сюжеттердің ұксастықтары мен айырмашылықтары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 1992-2000 жылдары Алматы қаласының №62 казақ орта мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары және №167 қазақ орта мектебінде араб тілінің мұғалімі қызметтерін атқарды. 2000 жылдың ақпан айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасында доцент болып жұмыс істеп келеді. Н.Б. Сағындықов «Ежелгі және хандық дәуір әдебиетінің тарихы», «Ежелгі және хандык дәуір әдебиетін оқытудың әдістемесі», «XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы» атты жалпы курстардан дәрістер оқып, бакалавр, магистрлік оку сатыларында элективті курстар жүргізеді. 2021 жылдан факультет Әдістемелік кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
КазНУ им. аль-Фараби |
Высшее |
1986 |
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
Кандидат |
Филологические науки |
26.12.1991 |
Название файла |
Заголовок |
Описание |
---|---|---|
Хикметы Иассауи и суфийская поэзия |
Йасауи хикметтери... Силлабус |
А. Йасауи хикметтері және сопылық поэзия мәселесі |
2
документам
2