Алимкулов Ербол Темирханович 1980 жылы 31 тамызда Қазақстан Республикасы Қызылорда облысы Шиелі ауданында дүниеге келген.1997 жылы Қызылорда қаласындағы № 1 орта мектепті бітіріп, сол жылы әл-Фарби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетіне оқуға түсті 2001 жылы бакалавриатты, 2003 жылы магистратураны үздік бітіріп, магистрлік диссертацияны сәтті қорғады. 2003 жылдан 2005 жылға дейін аспирантурада оқыды. 2006 жылдан бастап Қазақ ұлттық университетінің, сот билігі және қылмыстық іс жүргізу кафедрасына оқытушы болып қабылданды. 2009 жылы Алимкулов Ербол Темирханович з.ғ. д., профессор К.Х.Халиков және з. ғ. д., профессор Т. К. Айтмұхамбетовтың жетекшілігімен 12.00.09 – қылмыстық процесс, криминалистика, жедел іздестіру қызметінің теориясы мамандығы бойынша «Кәмелетке толмағандардың әрекеттері бойынша сот ісін жүргізу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті болып табылады. 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі меңгерушісінің орынбасары. 2020 жылдың қазан айынан бастап әл-Фарби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары. Алимкулов Ербол Темирханович халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысушысы және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы аясында түрлі тұжырымдармен баяндамалар жасаған, сондай-ақ ол ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарда 50-ден астам ғылыми мақала жариялады, сондай-ақ Скопус базасында мақалалары бар.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
2001

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Кандидат
Юридические науки
21.05.2009

Ученое звание

Наименование ученого звания
Дата присвоения
Ассоциированный профессор (доцент)
01.01.2001

Документы автора

11

Цитирования
26 по 25

документам

h-индекс

3