Күдеринова Құралай Бимолдақызы 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітіріп, 1995-2009 ж.ж. аралығында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінде кіші ғылыми қызметкерден бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2009 жылдан қазірге дейін Сулейман Демирел университеті «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының профессоры болып қызмет істейді. 2000 жылы «Бірге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасы» тақырыбында кандидаттық диссертация, 2006 жылы «Қазақ жазуының теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2006 жылдан бері филология ғылымдарының докторы. 2008 жылы «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалінің иегері. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» 15 томдығының редакторы, 2 ғылыми монография мен 70-тен аса мақалалардың авторы. «Қазақ жазуының теориялық негіздері» пәнінен алғаш рет оқу-әдістемелік кешен жазған. Бірнеше орфографиялық және орфоэпиялық сөздіктің авторы.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазГУ им.аль Фараби
Высшее
1992

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Доктор
Филологические науки
28.06.2007

Ученое звание

Наименование ученого звания
Дата присвоения
Доцент
20.03.2006
Профессор
03.05.2018
Интересы

Документы автора

0

Цитирования
0 по 0

документам

h-индекс

0