Салқынбай Анар Бекмырзақызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы. Салқынбай А.Б. 1962 жылы 22 тамызда туған. №143 орта мектепті 1979 жылы бітірген соң, бұрынғы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетке (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқуға түсіп, 1979-1985 жылдары ҚазМУ-дің филология факультетін, 1989-1991 жылдары осы университеттің аспирантурасын бітірген. 1991 жылы “Қазақ тіліндегі қимыл есімінің семантикасы мен функциясы” тақырыбында профессор М.Томановтың ғылыми жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын, 1999 жылы “Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект” деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған. 2002-ы профессор атағын алды. 1991 жылдан ҚазҰУ де ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Ғалымның негізгі зерттеулері қазақ тілінің тарихына, сөзжасам жүйесіне, көне түркі ескерткіштерін ұлттық дүниетаныммен байланыстыра қарастыруға; қазақ мәдениетінің әлем мәдениетіндегі орны мен ерекшелігін, тіл мен мәдениеттің байланысын, тілде сақталған рухани мәдениеттің маңызы мен ұлттық дүниетанымды қалыптастырудағы рөлін анықтауға, қазақ тілінің тарихи дамуы мен онтологиясын зерделеуге; сөз мағынасы мен семантикасын жан-жақты талдауға, Абай және Шаһкәрім щығармаларының поэтикасын зерттеуге арналады. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алып, халық тілі мен дүниетанымдық болмысын зерттеуге үлкен маңыз беріліп отырған кезеңге сәйкес, халықтық таным, ұлттық діл мен мәдениеттің дамуындағы негізгі тұғыр тірегі – тіл екенін бағамдалып, оның таңбалық мәні мен маңызына, атаулардың уәжділігі мен тарихи тектілігіне, сөз құдіретінің сөйлеуде атқаратын рөліне ерекше назар аударады. Осы бағытта жазылған “Әдіскер тағылымы”, “Қазіргі қазақ тілі”, “Тіл әлемі”, “Тіл. Таным. Білім”, “Қазақ сөзі: уәжділігі мен тектілігі”, “Шаһкәрім шыққан шың”, «Сөз әлемі» мен оқу құралдарының қазақ тіл білімінің ғылыми¬-теориялық дамуына қосар үлесі зор. Ғалым АҚШ-та, Қытайда, Польшада, Испанияда, Жапонияда, Ресейде, Түркияда, Украинада, Германияда, Францияда, Италияда,т.б. елдерде өткен халықаралық ғылыми¬ конференцияларға қатысты, баяндамалары ғылыми-теориялық деңгейінің жоғарылығымен, ғылыми жаңалығымен, өзекті тақырыптарға арналғанымен ерекшеленді. ҚР БжҒМ 2000-2002, 2007,2008-2010,2010-2012, 2015-2017,2018-2020) грантын иеленген, Жоғары Аттестациялық Комиссияның эксперттік комиссияның мүшесі қызметін атқарған.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1985

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Доктор
Филологические науки
20.06.2000

Ученое звание

Наименование ученого звания
Дата присвоения
Профессор
29.05.2003
Государственные премии
Наименование премии Дата присуждения
Почетная грамота Министерства образования и науки РК "За большой вклад в процветании Казахстана" 10.03.2004
Государственный грант "Лучший преподаватель вуза" в 2007 году
Медаль "Шапағат"
Интересы