әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы 1976 ж.т., ұлты қазақ, Садуақасов Абай Айтмұқашұлына МІНЕЗДЕМЕ Садуақасов Абай Айтмұқашұлы – 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін үздік (қызыл дипломмен) бітіріп, 1997-1999 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында оқыды. 1999-2001 жылдар аралығында аспирантурада оқып,бірнеше ғылыми мақалалар жариялап, «Қазақ радиосының «Шалқар» Ұлттық бағдарламасы: тарихы мен тәжірибесі» тақырыбының аясында зерттеу жұмыстарын жүргізуде. 2001-2008 жылдар аралығында БАҚ менеджменті кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді. 2008-2010 оқу жылында халықаралық журналистика кафедрасына аға оқытушы болып ауысты. 2010-2011 жылдар аралығында деканның тәрбие жұмыстары жөніндгі орынбасары қызметін атқарды. 2011-2012 жылдары ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасында аға оқытушы, факультеттің аға куратор ұйымдастырушысы. Бұл жылдары А.А.Садуақасов халықаралық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады және өз диссертациясының тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жариялады. Ғылыми мақалалармен қоса танымал қазақ тілді басылымдарда мақалалар жариялап жүрді. Университетте оқытушылық қызметпен айналысып жүріп «Қазақ радиосының «Шалқар» Ұлттық бағдарламасы тарихы мен тәжірибесі жайында», «Радиожурналистика деректі жанрлары мен пішіндерінің қалыптасуы жайында», «Радионың акустикалық табиғатының рөлі мен тіл стилі», «Услышим ли в эфире Казахского радио былые традиционные радио передачи», «Қазақ радиосы әлемдік ақпарат кеңістігінде», «Білім беру саласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының менеджментін оқыту мәселесі», «Ұлттық өнерді насихаттаудағы маркетингтің рөлі» және т.б. ғылыми мақалаларымен көзге түсті. Қоғамдық жүмыстарды тиянақты әрі жауапкершілікпен атқарады. Жұмыс барсында ұжымдастарымен еркін тіл табысып, жақсы қарым–қатынаста. Қазіргі кезде факультетімізде ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасында аға оқытушы ретінде тыңғылықты қызмет атқарып жүр. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып студенттерді де ұйымдастыра білді. «Қоғаммен байланысқа кіріспе», «Шетел жаналықтарына шолу тәжірибелік курсы», «PR-дағы компьютерлік телекоммуникациялық құралдар», «Коммуникациялық маркетинг», «Қазақстан әлемдік ақпараттық кеңістікте» пәндері бойынша дәрістер жүргізеді.
0
документам
0