Шаймаран Мұрат 1969 жылы ҚХР үрімжі қаласында туылған. 1988 жылдан 1993 жылға дейін ҚХР, ШУАР іле педагогикалық институтының қазақ тілі - әдебиеті факультетінде оқыған. 1993 жылы ҚХР, ШУАР «Күйтін газетінде» редактор болып қызмет атқарған. 1996 жылдан 1998-ші жылға дейін ҚХР, Нәнжин қаласында Қытай Халық университетінің журналистика институтында(сырттай) магистрант бөлімінде оқыған. 2000 жылы ҚХР, ШУАР журналистер одағы тарапынан «Үздік әдеби редактор» мәртебесіне ие болған. 2004 жылы атамекені-Қазақстанға бір жола қоныс аударған. Шаймаран Мұрат 2006 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультеті халықаралық журналистика кафдрасында оқытушы, 2008 жылдан 2010 жылға дейін факультет деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды. 2010 жылы Қазақстан республикасының тәуелсіздік мерекесіне орай Қаз ҰУ ректоры Ғ.М. Мұтановтың қолынан мақтау қағазын алды. Шаймаран Мұрат республикаға танымал ақын. «Түнгі сарын», «Еркін аспан өлеңі» атты жыр кітаптарының авторы. Оның журналистика саласындағы тәжірибесі мол. Студенттермен тез тіл табысып, оларға мамандығы бойынша дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Университет және факультетте өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысады.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

Университет ШУАР
Магистратура
1998
Интересы

Документы автора

0

Цитирования
0 по 0

документам

h-индекс

0