Тұраров Дәурен Рысқұлұлы 1983 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары. 2004 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бизнесті бағалау мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде макро-микроэкономика кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасайды. 08.00.13 – экономиканың математикалық және инструменталдық әдістері мамандық бойынша келесі тақырыпта кандидаттық дисертациясын аяқтады: “Көпнысаналы модельдердің көмегімен ауылшаруашылық кешенінің орнықты дамуын бағалау”. Ғылыми жетекшісі: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Оспанов С.С. 2010 жылы 18 қарашада диссертациясын қорғады 2011 жылы 30 маусымдағы шешімімен (№ 6 хаттама) экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2007 ж. қыркүйек - 2008 ж. тамыз аралығында ҚазҰУ-дің Экономика және Бизнес факультетінің тәрбие жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқарды. Ғылыми-педагогикалық стажы 8 жыл. Тұраров Дәурен Рысқұлұлы Экономика кафедрасында келесі курстар бойынша дәрістер, семинарлар жүргізеді: «Микроэкономика», «Макроэкономика», «Инвестициялық жобалау», «Эконометрика», «Кәсіпорын экономикасы», «Болжамдау және бағдарламалау», «Мүлік құнын бағалаудың экономикалық-математикалық әдістері», «Өндірістік сала экономикасы», «Кәсіпорынның инвестициялық қызметі», «Инвестициялық тәекелдерді басқарудың әдістері мен модельдері». Тұраров Дәурен Рысқұлұлы Халықаралық жоба (Қазақстан-Германия) ұйымдастырған экономика саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсын сәтті аяқтады 2006 ж. қараша және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру Институтының экономико-математикалық әдістер мамандығы бойынша куәлік алды 2007 ж. қараша. “Менің Қазақстаным - 2030” VI фестиваліне белсене қатысқаны үшін алғыс хат алды, 2007 ж. Қабылдау комиссиясының хатшысы болып істеді 2007ж. Тұраров Дәурен Рысқұлұлы ғылыми тәжірибелік конференциялармен университет пен факультеттің қоғамдық жұмысына белсенді ат салысып келеді. Курстық жұмыстарға жетекшілік етті. Халықаралық және республикалық конференцияларға қатысқан. Студенттер мен қызметтестер арасында абыройлы. 2012 ж. қыркүйек - 2013 ж. тамыз аралығында Экономика және бизнес жоғары мектебінің экономика кафедрасының оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі таңда Экономика және бизнес жоғары мектебінің экономика кафедрасында экономика ғылымдарының кандидаты аға оқытушылық қызметін атқарады.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
КазНУ им. аль-Фараби |
Бакалавриат |
2007 |
КазНУ им. аль-Фараби |
Высшее |
2004 |
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
Кандидат |
Экономические науки |
30.06.2011 |
3
документам
1