Темірғали Оразғалиұлы Есембеков 1953 жылдың 20-қазанында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Сулышоқ ауылында дүниеге келген. Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ғылыми-оқытушылық жолы Қарағанды мемлекеттік университетінен басталған. 1980-82 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінің зерттеушісі болған, 1982-1985 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыған, 1986 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 1986-91 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент, факультет деканының орынбасары, декан қызметтерін атқарған. 1991 жылы Түркістан мемлекеттік унверситетінің іргесін қалаушылардың қатарында жаңа университеттегі кафедра жасақтауға, факультет қалыптастыруға белсенді қызмет етті. 1997 жылы 10.01.08-әдебиет теориясы мамандығы бойынша «Художественно-эстетическое значение драматизма в казахской прозе» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 1997-1999 жылдары А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды, университетте диссертациялық кеңестің ашылуына көп үлес қосты. 1999 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ филология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Қазіргі кезде кафедрада 10-ға жуық ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етуде. Т.О. Есембеков 2001-2002 оқу жылынан бастап бүгінге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында қызмет етіп келеді. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулеріне кеңес береді. Темірғали Оразғалиұлы 3 ғылыми монографияның, 12 оқу құралының, 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы, оның ғылыми зерттеулерінің нәтижелері АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан сияқты елдердің ғылыми басылымдарында жарық көрген. Екі мақаласы импакт-факторы бар басылымда, бір мақаласы Томсон-Рейтер тізіміне енген журналдарда жарияланған. Қазақ, орыс, неміс тілдерін меңгерген ғалымның осы тілдердегі еңбектері көпшілікке танымал. «Әдеби талдау амалдары» (Астана, 2012 ж.), «Көркем мәтін поэтикасы» (Алматы, 2013), «Функции драматизма в художественном тексте» (Алматы, 2013 ж.) атты еңбектері жоғарғы оқу орындарында кеңінен қолданылуда. Ғалым әдебиет теориясы, мәтін теориясы, поэтология, әдеби компаративистика, аударматану сияқты ғылыми салалар бойынша халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндама жасады, Қазақстан Ре
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
КарГУ |
Высшее |
1980 |
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
---|---|---|
Доктор |
Филологические науки |
27.01.1999 |
Наименование ученого звания |
Дата присвоения |
---|---|
Доцент |
29.01.1992 |
Профессор |
29.01.1992 |
Наименование премии | Дата присуждения |
Знак "Ы.Алтынсарин" |
0
документам
0