Абишев Медеу Ержанович 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туылған. 1992 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетіне оқуға түседі. 1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетінің бакалавриатын, ал 1998 жылы физика факультетінің магистратурасын «Теориялық физика» мамандығы бойынша үздік бітіреді. 1998 жылы физика факультетінің аспирантурасына түседі және 2001 жылы 01.04.02 – Теориялық физика мамандығы бойынша «Обоснование, интегрирование и исследование релятивистских уравнений вращательного движения тел в ОТО» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғайды. 2000 жылдан 2005 жылға дейін теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы, 2005 жылдан 2008 жылға дейін доценті, 2008 жылдан 2011 жылға дейін теориялық физика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 2011 жылдан осы уақытқа дейін теориялық және ядролық физика кафедрасының меңгерушісі. 2013 жылдан ҚазҰУ-дың медицина орталығының директоры. 2009 ж. 01.04.02 – Теориялық физика мамандығы бойынша «Исследование проблемы однозначности релятивистких уравнений движения в общей теории относительности» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2012 ж. ҚР ҰҒА корреспондент-мүшелігіне сайланды. Абишев М.Е. бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері үшін жалпы және арнайы курстарды оқиды: «Математикалық физика әдістері», «Арнайы салыстырмалық теориясы «Теориялық физиканың таңдаулы тараулары», «Релятивистік астрофизика», «Космогония негіздері», «Проблема движения тел в ОТО», «Релятивистская задача трех тел в ОТО» және т.б. Ол «Теориялық механика лекцияларының конспектісі» оқу құралының бірлескен авторы болып табылады. Абишев М.Е. жалпы салыстырмалық теориясы саласында қарқынды ғылыми жұмыстар жүргізуде. Ол ҚР БҒМ іргелі зерттеулер бағдарламасы шеңберінде орындалатын ғылыми тақырыптардың жетекшісі және жауапты орындаушысы болып табылады М.Е. Абишевтің 100-ге жуық ғылыми жұмыстары жарияланған.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазНУ им. аль-Фараби
Высшее
1998

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Кандидат
Физико-математичес.науки
07.09.2001
Доктор
Физико-математичес.науки
28.04.2010

Ученое звание

Наименование ученого звания
Дата присвоения
Доцент
01.01.2001
Профессор
01.01.2001
Государственные премии
Наименование премии Дата присуждения
Знак "За заслуги в развитии науки Республики Казахстан"
Интересы

Документы автора

29

Цитирования
116 по 80

документам

h-индекс

6