Айгаринова Гүлнар Төлеухадировна 1980 жылы Қарағанды облысының Ағадыр станциясында Құрметті теміржолшылар отбасында дүниеге келген, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. 1996 жылы орта мектепті ойдағыдай бітіргеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 2000 жылы "Құқықтану"мамандығы бойынша үздік бітірді. Сол жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің күндізгі магистратурасына азаматтық- құқықтық мамандану бойынша "Құқықтану" мамандығы бойынша түсіп, 2002 жылы үздік дипломмен құқық магистрі дәрежесін алды. 2002 жылдың қыркүйегінен бастап табиғи ресурстары және экологиялық құқық кафедрасына оқытушы болып қабылданды және қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің табиғат ресурстары және экологиялық құқық кафедрасының доценті болып жұмыс істейді. 2010-2012 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары болды. 2005 жылдан 2008 жылға дейін заң факультеті студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасады. 2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бойынша "СҒЗЖ Кеңесінің үздік басшысы" дипломымен марапатталды. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Үздік жас ғалым" атағына ие болды. Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми степендиясының лауреаты 2008-2010 жж. Ректордың 2014 жылғы 12 мамырдағы №182 бұйрығымен Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. Ректордың 2022 жылғы 14 сәуірдегі №149 бұйрығымен Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "EREN ENBEGI USHIN" медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорынан еліміздің ғылымы мен білімін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін бірнеше рет алғыс хаттар алды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша "2022 жылдың үздік педагогы" республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
|---|---|---|
КазНУ им. аль-Фараби |
Высшее |
2002 |
Наименование ученой степени |
Область науки |
Дата выдачи диплома |
|---|---|---|
Кандидат |
Юридические науки |
28.03.2007 |
Наименование ученого звания |
Дата присвоения |
|---|---|
Доцент |
26.03.2010 |
Профессор |
13.11.2024 |
15
документам
3