Білімі. 2011 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің магистратурасына түсіп, 2013 жылы магистратураны үздік бітіріп, заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2017-2020 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында докторантурада оқыды. 2021 жылы «6D030100-Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін «Фитосанитариялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері (Ұлттық және халықаралық тәжірибе)» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Кәсіби жұмыс тәжірбиесі. Г.К. Рашева 2013 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыруда, қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді. Ғылыми бағыты мен жарияланымдары. Г.К. Рашеваның ғылыми қызығушылық саласы қоршаған ортаны қорғау, фитосанитариялық қауіпсіздік, су қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастықтың жалпы мәселелерінен қамтиды. Г. К. Рашева 2017-2020 жылдарға арналған ҚР БҒМ қаржыландырылған «Қазақстанның трансшекаралық су ағындары елдің су қауіпсіздігін анықтайтын элемент ретінде» тақырыбындағы зерттеу тобының мүшесі болды, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетімен қаржыландырылған «Цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғам: перспективалар мен тәуекелдер» тақырыбындағы зерттеудің орындаушысы. Г. К. Рашева 1 монографияның, 1 оқу құралының, Scopus базасында жарияланған 2 ғылыми мақаланың, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың авторы болып табылады. Сондай-ақ, Лейден университеті, Роуль Валленберг институты және Стамбул университеті ұйымдастырған «Босфорлық құқық» атты адам құқықтары мәселелері жөніндегі VI Халықаралық жазғы мектебінің қатысушысы.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

Унив."Туран"
Бакалавриат
2016

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
ДокторPhD
Юриспруденция
03.02.2021
Интересы