Мамырова Кулайым Сейтнурқызы 1972 жылы 18 қаңтарда Алматы облысы, Балқаш ауданы, Қарой ауылында дүниеге келген. 1979-1989 жылдар аралығанда осы жердегі «Үлгілі» орта мектебін бітірген. 1990-1992 жылдар аралығында Балқаш аудандық «Балқаш еңбеккері» газетінің тілшісі болып қызмет атқарды. 1992-1996 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетін бітірген. 1996-1998 жылдар аралығында аталмыш факультеттің магистратура бөлімінде білім алды. 1998- 1999 жылдар аралығында Қазақ радиосының «Жедел ақпарат» бөлімінде журналист болып қызметін атқарды. 2002 жылдың қараша айынан бастап журналистика факультетінде маман қызметін атқарып келеді. ҚазҰУ-де өткізілген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция семинарларға қатысып, сертификаттар алды, мақалалары жарық көрді. Халықаралық ақпарат технологиялар университеті менеджмент және қоғамдық пәндер кафедрасында оқытушы болып, «Талдамалы журналистика», «Публицистік шығармашылық негіздері» пәнінен студенттерге дәріс оқыды. К.С.Мамырова жұмыс барысында ұжым мүшелерімен тіл табыса білетін, білімді де білікті маман. Ол өзіне жүктелген тапсырманы тыңғылықты орындайтын жауапкершілігі мол, біліміне сай білігі бар, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете алатын үлгілі оқытушы.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
КазНУ им. аль-Фараби |
Высшее |
1998 |
1
документам
0