1972 жылы 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылында дүниеге келді. 1989 жылы Республикалық физика-математика мектебін бітіргеннен кейін Қазақ Мемлекеттік басқару академиясына (қазіргі Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне) оқуға түсті. Аталған университетті 1994 жылы бизнес және менеджмент мамандығы бойынша үздік дипломға аяқтап, осы университеттің магистратурасында оқыды. Магистратураны 1996 жылы іскерлік әкімшілік магистрі мамандығы бойынша бітіріп, «Магистр» академиялық дәрежесін алды. 1996 жылы аталмыш университеттің күндізгі бөлімінің аспирантурасына түсті. Аспирантураның мерзімі аяқталғаннан соң ғылыми-педагогикалық қызметке ұсынылып, өзінің кәсіби қызметін 2000 жылдың қыркүйегінен Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасында аға оқытушылықтан бастады. 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің диссертациялық кеңесінде 08.00.05 мамандығы бойынша «Агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық байланыстарды реттеудің экономикалық механизмі» атты тақырыбына орындалған диссертацияны сәтті қорғап, экономика ғылымдардың кандидаты деген ғылыми дәрежеге ие болды. Ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты – мемлекеттік және аймақтық деңгейдегі басқарудың теориялық және тәжірибелік мәселелері. 2003 жылдың қыркүйегінен бастап осы күнге дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасында доцент қызметін атқаруда. 2005 жылдан бері Экономика және бизнес жоғары мектебінің Ғылыми кеңесінің ғалым хатшысы. 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы болды.


Образование

Образовательное учреждение

Квалификация

Дата окончания

КазГАкадУпр
Высшее
1994

Ученая степень

Наименование ученой степени
Область науки
Дата выдачи диплома
Кандидат
Экономические науки
14.06.2002

Ученое звание

Наименование ученого звания
Дата присвоения
Доцент
29.01.2007
Интересы

Документы автора

5

Цитирования
34 по 33

документам

h-индекс

2