Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультеті Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Идрышева Жазира Қуанышқызы 1990-1995 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті тарих факультетінде оқып бітірді. 1995-1998 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасында ассистент қызметін атқарды. 1998-2000 жж. Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы жанындағы аспирантурада оқыды. 2000 жылдың 1 қыркүйегінен бастап халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқаруда. Еңбек өтілі - 26 жыл. 2004 жылы 07.00.15 – халықаралық қатынастар және сыртқы саясаты тарихы мамандығы бойынша «Еуропалық Одақтың этникалық саясаты» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. 60-тан астам жұмыстары жарияланым тапқан. NoAR05135403 «Қазақстанның Еуропа елдерімен қарым- қатынасындағы сыртқы саясаты мен дипломатиясының диаспоралық факторы» ҚР БҒМ (2018-2020 ж.) тақырыбы бойынша жобаның қатысушысы. Еңбек жолы: 2004-2005 - Халықаралық қатынастар факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары; 2006-2009 - Халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу- әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары; 2009-2011 - Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы меңгерушісінің орынбасары; 2011-2012 - Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары; 2013 - Халықаралық қатынастар факультетінің Ғалым хатшысы. Ұжымдық авторлар тобы дайындаған «Халықаралық қатынастар тарихы», «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» оқулықтары авторларының бірі. "5В020200 - халықаралық қатынастар", "050500 - Аймақтану" мамандықтары бойынша ҚР МЖМБС, Типтік оқу бағдарламаларының ұжымдағы авторы, білім берудің кәсіби, оқу, жұмыс бағдарламаларын, каталогтарын жасаушы, тест тапсырмаларының құрастырушысы, сарапшысы. ЕҚЫҰ Академиясында «Халықаралық келіссөздер және оларды жүргізу техникасы» (Бишкек) тақырыбына өткен семинарға, «Халықаралық лаңкестік: Орталық Азия елдері үшін АҚШ-тың тәжірибесі», «Жоғары білімді реформалау және АҚШ білім беру жүйесінің тәжірибесі» (Алматы) тақырыптарына өткізілген жазғы мектептерге, ҚР БҒМ ҰТО өткізген оқу жетістіктерін сыртқы бағалау (Астана) бойынша курстарына қатысып, біліктілігін арттырды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1995 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
01.11.2004 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Медаль "ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл" | 29.11.2016 |
4
құжаттар
2