Еримпашева Аида Тілектесқызы 1970 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Экономика факультетінің «Су шаруашылығының экономика және ұйымдастыру» мамандығын бітірген. 1992 жылдың қыркүйек айынан бастап Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Экономика және басқару» кафедрасында стажер – оқытушы қызметін атқарды. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, 08.00.05 «Халық шаруашылығының экономика және басқару» мамандығы бойынша аспирантураға түсіп, 2000 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Диссертация Кеңесінде кандидаттық диссетациясын қорғап шықты. 1995-1997 жылдардың шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Университетте (КИМЭП университет) мемлекеттік қызмет магистрі атағына ие болды. 1999-2003 жылдарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. 2011-2019 жылдарда UIB және Алматы Менеджмент Университет білім беру мекемелердің «Менеджмент және маркетинг» кафедраларының доцент қызметін атқарды. Келесі пәндер бойынша семинар және дәріс сабақтарын жүргізді: маркетинг зерттеулер, жобаларды басқару, бизнес жоспарлау, профессиональдық менеджмент және т.б. 2003-2009 жылдарда - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Менеджмент және бизнес». 2018 жылдан бастап халықаралық қатынастар және әлемдік экономика, 2022 жылдан бастап бизнес-технологиялар кафедрасында жұмыс істейді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазХҚӘтУ |
Бакалавриат |
2012 |
Жамбылгидромелиорат.құрылыс инст. |
Жоғары |
1992 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
01.01.2016 |
4
құжаттар
2