Жакебаев Даурен Бақытбекұлының қызметтік және ғылыми жетістіктері. Жакебаев Даурен Бақытбекұлы 2008 жылғы 1 қыркүйектен 2010 жылғы 31 тамызға дейін аға оқытушы, 2010 жылғы 1 қыркүйектен 2021 жылғы 31 тамызға дейін доцент м.а., ал 2021 жылғы 1 қыркүйектен қазіргі уақытқа дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультеті, есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді. Қазақстан Республикасының резиденті. 2011 жылы математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі меңгеруші орынбасары болды. 2012-2014 жылдары МКМ кафедрасының меңгерушісі м.а., 2014-2017 жылдары осы кафедраның меңгерушісі қызметін атқарды. 2017-2018 жылдары механика-математика факультетінің деканы м.а., 2018-2022 жылдары факультет деканы болды. Ғылыми-зерттеу қызметі. 2002-2004 жылдары инженер-программист, 2004-2005 жылдары кіші ғылыми қызметкер, 2005-2008 жылдары ғылыми қызметкер, 2008-2015 жылдары аға ғылыми қызметкер, 2015-2021 жылдары жетекші ғылыми қызметкер ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың математика және механика ғылыми- зерттеу институтында жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап ҚазҰУ-дың бас ғылыми қызметкері. Зерттеу салалары: • Турбуленттілік теориясы • Математикалық модельдеу және жоғары өнімді есептеулер • Гидродинамикалық процестер • Қоспаның турбулентті тасымалдануы • Вязкостың өзгеруінің турбулентті ағын құрылымына әсері • Зымыран ізіндегі қоспаның таралуын модельдеу • Турбулентті магнитогидродинамикалық (МГД) ағынды математикалық модельдеу • Мұнай-газ кен орындарындағы экологиялық мәселелердің есептеу аспектілері • Жер бетіндегі атмосфералық ластануды модельдеу • Цилиндрлік аймақтардағы кеңістіктік ағындарды сандық модельдеу • Навье-Стокс теңдеуінің ірі құйындар әдісімен фильтрленген бейстационар үшөлшемді түрі негізінде изотропты турбуленттіліктің деградациясын модельдеу • Су құбыры жүйесіндегі судың сапасын математикалық және компьютерлік модельдеу
36
құжаттар
5