Мен, Сагимбаева Лида Абсултановна 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, механика-математика факультетінің қолданбалы математика мамандығын тамамдап, осы жылы қолданбалы математика және информатика мамандығына магистратураға түстім. 2004 жылы магистратураны үздік дипломға бітіріп, механика-математика факультетінің, компьютерлік және есептеуіш технологиялары кафедрасына (2009 жылдан бастап Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы) оқытушы болып қабылдандым. 2019 жылы Ақпараттық технологиялары факультетінің «8D06103 – Компьютер ғылымдары» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураға түсіп, 2022 жылы бітірдім. 2010 жылдан қазіргі уақыт аралығында математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының аға оқытушысымын.
0
құжаттар
0