1999 жылы Алматы Халықаралық Журналистика Институтының «Халықаралық журналистика» мамандығын бітірген. 2002-2003 жылы Нархоз Университеті Қазақстан-Жапон Орталығы Қазақстандық жапон тілі оқытушыларына арналған бір жылдық курсты тәмамдаған. Халықаралық Жапон Қоры гранты Урава жапон тілі Институтының (Жапония, Урава қаласы) шақыруымен 6 айлық шетелдік жапон тілі оқытушыларына арналған курсты 2004-2005 жылы аралығында өткен. 2006 жылы Жапонияның MEXT (қысқаша Жапония Білім және Ғылым министрлігі) бағдарламасы шетелдік зерттеуші талапкер мамандарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері. 2006-2009 жылдары Кюсю Халықаралық Университеті Жоғары мектебі (Жапония, Китакюсю қаласы) магистратура «Корпоративтік саясат» мамандығын бітіріп, 2009-2012 жылдары Киото Университеті Жаһандық қоршаған ортаны зерттеу Жоғары мектебі (Жапония, Киото қаласы) докторантурасының «Жаһандық қоршаған ортаны зерттеу» мамандығы бойынша оқып, 2012 жылы Киото Университетінің Ph.D. (Жаһандық қоршаған ортаны зерттеу) ғылыми дәрежесін алған. 2017-2018 оқу жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жас Ғалымдар Кеңесі төрағасы. 2019 жылы Халықаралық Жапон Қоры гранты Урава жапон тілі Институтының (Жапония, Урава қаласы) шақыруымен «21 ғасыр дағдылары» атты жапон тілі оқытушыларына арналған курсты аяқтаған. 2019-2020 оқу жылында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің меңгерушісі. Ғылыми зерттеу бағыты: Жапонтану және жаһандық қоршаған орта мәселелері.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Алматы халықаралық.журн.институты
Бакалавриат
1999

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
03.03.2014
Қызығушылығы