Шадаева Мадина Тынышбекқызы, 16.12.1976 ж., қазақ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1998 жылы «0221-шығыс филологиясы» мамандығы бойынша «шығыстанушы, жапон тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, аудармашы-референт» квалификациясымен үздік бітірді. 1996-1997 жж. Жапония Білім және ғылым министрлігінің грантымен Нара педагогикалық университетінде бір жылдық тіл ұстарту курсынан өтті. 1998 жылы шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс елдері кафедрасына оқытушы болып қабылданды. 2001 жылдан бері аға оқытушы. 2002-2003 жж. Жапон Қорының грантымен Жапонияның Халықаралық жапон тілі Орталығы, GRIPS (National Graduate Institute for Policy Studies), Жапон тілін зерттеу институтының бірлескен «Шет елдерде жапон тілін оқыту ісінің жетекші мамандарын даярлау» бағдарламасы аясында магистратурада оқып, «жапон тілі мен мәдениеті» мамандығы бойынша үздік тәмамдады. 2003-2006 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жапон филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2016 жылдың маусым-шілде айларында Жапон Қорының грантымен Урава қаласындағы Халықаралық Жапон тілі орталығында жапон тілі оқытушыларына арналған «Sakura Network Training Program for Teachers of the Japanese Language (Pre-Advanced)» деп аталатын екі айлық курстан өтті. 2016-2017 оқу жылында Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарып шықты.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1998 |
0
құжаттар
0