Исмаилова (Сабитова) Сәуле Жүсіпбекқызы 2008 жылы Георгиевка орта мектебін үздік бітірді, «Алтын белгі» белгісінің иегері. 2012 жылдың маусым айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 050207 – «Аударма ісі (корей тілі)» бағдараламасын үздік бітірді. 2009 жылдың мамыр айында Исмаилова С.Ж. POSCO Steel TJ Park стипендиясына ие болды. Исмаилова С.Ж. 2010 жылдың 25 тамызы мен 29 желтоқсаны аралығында тіл тәжірибесінен өтті. 2012 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың шілде айына дейінгі кезеңде Исмаилова С.Ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын бітірді. Республикалық және шетелдік журналдарда, ұлттық университеттердің бюллетеньдерінде 14 ғылыми жарияланымдары бар. 2012 жылдың қазан айынан 2013 жылдың сәуір айына дейін Исмаилова С.Ж. корей тілі мұғалімі «Ata-teк Astana» білім беру орталығында болып жұмыс істеді. 2013 жылдың мамыр-тамыз аралығында Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінде менеджердің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2017 жылдың 28 тамызына дейін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2015 жылдың 5 қазаны мен 16 қазаны аралығында мамандандырылған Падже университетінде (Корея Республикасы) корей тілі мұғалімдері үшін тағылымдамаданкурстан өтті. 2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың наурызына дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы қызметін декреттік демалысқа шығар алдында атқарды. 2017 жылдың қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасына түсіп, 2024 жылдың маусым айында «8D02209 – Шығыстану» бағдарламасы бойынша теориялық оқуды аяқтады. Диссертациялық зерттеу тақырыбы: «Корея Республикасының заманауи мәдени саясатындағы ұлттық брендингі». 2024 жылғы 7 қараша мен 24 желтоқсан аралығында Исмаилова С.Ж. Корея Республикасы, Ханьян университетінде тағылымдамадан өтті. Сәуле екі рет Корея қорының докторлық сыйлығымен марапатталды (Корея түлектері стипендиясы). Қазақ, орыс, корей, ағылшын тілдерін біледі.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2012 |
0
құжаттар
0