Оспанов Нұрлан Мұратович – аға оқытушы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетін «Аймақтану» (Корей түбегі) мамандығы бойынша тәмамдады. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті магистратурасында «Шығыстану» мамандығы бойынша оқыды. Корея Республикасы үкіметі өткізіп отырған Корея тарихынан білім жөніндегі Конкурстың нәтижелері бойынша, 15 жүлдегер қатарына енді. Сеулде Корея тарихы бойынша 5 күндік мәдени бағдарламадан өтті. Корея Республикасының «Korea Foundation» біржолғы стипендиясын иеленді. 2011 жылдың 1 қыркүйегі мен 2012 жылдың 16 шілдесі аралығында «Корея Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымында» тақырыбы бойынша Корейтану академиясының Research Fellowship грантымен Соннам қаласында шетелдік тағылымдамадан өтті. Шығыстану институтының мақсатты жолдамасымен «Шығыстану» («Корейтану») мамандығы бойынша ҚазҰУ PhD докторантурасына түсті. 2014 жылдың 25 тамызы мен 2015 жылдың 15 қаңтары аралығында Инха Университетінде (Инчхон, Корея Республикасы) PhD докторантурасы бағдарламасына қатысты (шетелдік ғылыми жетекші Ким Ый Конның консультациясымен). 2016 жылдың 21 қыркүйегінен бастап 2017 жылдың 18 наурызына дейін Еуропа комиссиясының Эразмус+ халықаралық бағдарламасының (Лувэн Католик университеті, перспективті антропология зертханасы) стипендиясы шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдамадан өту кезінде, антропологиядан семинарлар курсын тыңдады, халықаралық қатынастар мен саясат мәселелері бойынша профессорлармен кеңесті, Бельгияның Корольдық кітапханасы және Лувэн-ла Нёв университетінде материал жинады. 2017 жылы Лувэн-ла Нёв университетінде Эразмус+ бағдарламасы бойынша үш айлық ғылыми тағылымдамадан өтті.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2008
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0