Белялова Айгерім Ермекқызы 2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетін «Аударма ісі» мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітіріп шықты. 2012 жылы Оңтүстік Корея үкіметі тарапынан берілген грант (Korean Government Scholarship Program, Ministry of Education, Republic of Korea) жүлдегері атанып, Сонгюнгван университетінің Филология факультетіне магистратураға түсіп, 2015 жылы «Корей тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірді. 2012 ж. тамыз айынан 2013 ж. ақпан айына дейін Кемёнг университетінде «Корей тілінің қарқынды деңгейі» мен «Екінші шет тілі ретінде корей тілін оқыту» бағдарламалары бойынша 6 айлық курстарда дәріс алып, сертификат иегері атанды (Certificate: The Intensive Korean Language Program, program in Teaching Korean as a Foreign Language, Keimyung University, South Korea). 2016 жылы Кореяның Донгук университетінің «Білім алу мен ғылыми-зерттеу (Study and research in Dongguk University)» бағдарламасының грантын иеленіп, докторантураға оқуға түсті. Докторантурада дәріс алумен қатар Кореядағы білім саласына қатысты көптеген конференцияларға қатысып, 9 ғылыми жоба бойынша мақалаларын баспа бетінде жаиялады. 2019 жылы «Басқару және білім беру саясаты (Educational Administration and Policy)» мамандығы бойынша докторантураны бітіріп, Донгук университетінде осы мамандық бойынша алғашқы болып, педагогика ғылымдарының докторы атағына ие болды. 2019 жылдың қыркүйегінен Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында aға оқытушы, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметінде.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2011

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
01.12.2022
Қызығушылығы