Жаханова Жанар Абусеитовна 1999-2004жж Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыстану факультетінде «елтану» (корей бөлімі) мамандығы бойынша бітірген. 2012-2014жж. АО Қаржы Академиясында «Экономика» ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2004 жылы Ш.Есенов атындағы АқтМУ-де «Құқықтану» кафедрасына жұмысқа қабылданып «халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша оқытушылық қызметін бастады. 2007-2021жж аралығында Ш.Есенов ат. Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасында аға оқытушы қызметінде жұмыс істеді. 01.2016-07.2018жж Достық үйі (Қазақстан халқы ассамблеясында) жексенбілік мектепте корей тілінен курс жүргізді. 01.2018-05.2023 жж Ақтау қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде корей тілінен сабақ жүргізді. 2021-2022 жыл қыркүйек айында Дарын Лицей мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Ә.Кекілбаев ат. Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 01.03. 2022 жылдан бастап «тарих маманы» қызметін атқарды. 01.09.2022-2023жж оқу жылынан бастап Ақтау қаласындағы №25жалпы білім беретін қазақ орта мектебінде «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәнінен 7-8 сыныптарға сабақ жүргізді. 2021-2022 оқу жылының қазан айында «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту» бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. 12.09-23.09.2022ж «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан «10-11 сыныптар тарих пәні бойынша педагогтердің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институтында 80 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті. «Шығармашыл педагог-2022» ІІ Республикалық олимпиадаға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2023жылы шілде айында Алматы қаласындағы Корей Республикасының білім беру орталығында Қазақстандағы корей мектептерінің ассоциациясының ұйымдастыруымен оқытушыларға арналған корей тілі семинарына қатысып біліктілігін арттырды. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасына оқытушысы лауазымына қабылданды. 2024.05.2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасына конкурс нәтижесі бойынша аға оқытушылық лауазымына өтті.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2004 |
0
құжаттар
0