Түргенбай А. А. 1976 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. 1993 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетіне оқуға түсіп, оны 1999 жылы «Шығыстанушы-тарихшы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1999 жылдың қыркүйек айынан Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасына оқытушылық қызметке алынып, 2005 жылдың қыркүйек айынан қазірге дейін аға оқытушы қызметін атқарып келеді. 2013 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультетіне магистратураға түсіп, 2015 жылы «6М020900-Шығыстану» мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды. Түргенбай А.А 1997-1998 жж. аралығында ҚХР-ның Ланчжоу қаласында тіл ұстарту тәжірибесінен, 2004 жылы ҚХР-ның Ланьчжоу қаласында Білім Министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Орта Азия елдері қытай тілі оқытушыларына арналған 1 айлық курстан; 2008-2009 жылдары ҚХР-ның Ляониң провинциясы Шэняң педагогикалық университетінде ШЫҰ аясында ҚХР-ның мемлекеттік гранты бойынша білімін жетілдіру тәжірибесінен; 2011ж. Шыңжаң университетінде ҚХР-ның Білім Министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Ресей және Орта Азия елдері қытай тілі оқытушыларына арналған курстан, 2012 жылы Сямэнь қаласында ОША және Орта Азия елдері қытай тілі оқытушыларына арналған біліктілікті жетілдіру курсынан, 2016 жылы ҚХР-ның Ланьчжоу қаласында Ланьчжоу университетінің ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасы ЖОО қытай тілі оқытушыларына арналған 2 апталық біліктілікті жетілдіру курсынан өтті. Оқытушылық жұмыстан басқа қоғамдық жұмысқа да белсене ат салысып келеді: 2004 жылдан бері факультеттің кәсіподақ комитеті мүшесі, 2004-2005 және 2012-2013 жж.,2017- 2018 жж. кафедраның әдістеме бюросы мүшесі жұмысын, 2011-2012 оқу жылы оқу және тәрбие ісі жөніндегі кафедра меңгерушісі орынбасары, 2015-2016 және 2016-2017 жж. кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1999 |
Алдабек Н.Ә.
Қытай мәдениетінің тарихы
Қазақ университетi 2011 - г. ISBN 9965-29-745-2 314 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қытай мәдениетінің тарихы
" Қазақ университеті " 2011 - г. ISBN 9965-29-745-2 314 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Шыңжаң тарихы
" Қазақ университеті " 2014 - г. ISBN is bn 978-601-04-060 326 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қытай діндерінің тарихы
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 978-601-04-2239- 16 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0