2012-2016 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін шығыстану мамандығы бойынша үздік бітірді. 2016-2018 жж. Шанхай халықаралық зерттеулер университетінде аймақтану бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды. 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің Жастар саясатын үйлестіру департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеген. 2019-2021 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында ол урду тілінде біліктіліктерін арттыру бойынша оқытушылар делегациясын басқарды және Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласындағы Ұлттық Қазіргі Тілдер университетінде университетаралық ынтымақтастық орнатты. 2021-2022 жылдары ҚазҰУ Әл-Фараби атындағы бизнес мектебінде директордың оқу ісі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдың ақпанынан 2023 жылдың тамызына дейін Гарвард университетінің (Массачусетс, АҚШ) Дэвис атындағы Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығында шақырылған ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді. 2024 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің Азиялық бәсекеге қабілеттілік институтында және Сингапурдағы Наньян технологиялық институтының Мемлекеттік басқару орталығында визит- стипендиаты болды. 2019 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушысы/аға оқытушысы және докторанты. Докторлық диссертациясының бір бөлігі ретінде ол Сингапурдың мемлекеттік құрылысын зерттеумен айналысады. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап Оксфорд университетінің (Оксфорд, Ұлыбритания) Жаһандық және аймақтық зерттеулер мектебінің докторанты болды.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2016 |
0
құжаттар
0