Керімбаев Ержан Әбдрайымұлы 1994 жылы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің қытай тілі бөліміне түсіп 2000 жылы «Шығыстанушы-филолог. Қытай тілі мен әдебиетінің оқытушысы. Аудармашы-референт» деген мамандықпен бітіріп шықты. Сол жылы, яғни 2000 жылы шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасына қытай тілі пәнінің оқытушысы ретінде жұмысқа алынды. Сол жерде бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп, мол тәжірибие жинақтап, аға оқытушы дәрежесіне дейін өсті. Керімбаев Ержан 1998-1999 жылдар аралығында Пекин тілдер және мәдениет университетінде тіл ұстарту стажировкасында болды. 2004 және 2006 жылдары ҚХР Лан жоу университетінде ұйымдастырылған Орта Азия мемлекеттеріндегі қытай тілі оқытушыларына арналған бір айлық біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қытай тілін оқытуға қатысты әлемде болып жатқан соны әдістермен танысып қайтты. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Біліктілікті арттыру институтында бір айлық курстан өтті. 2010 жылдың қазан және қараша айларында ҚХР Пекин қаласындағы Пекин халықаралық қытай тілі институтында «Дамушы мемлекеттердің қытай тілі оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курсына» қатысып, жаңа заманауи тіл оқыту әдістемелерімен және оқулық құрастыру әдістерімен танысып қайтты. Университет қабырғасында жұмыс істеу барысында Керімбаев өзін тек қана жақсы жағынан көрсете білді. Тапсырылған міндеттердің бәрін үлкен жауапкершілікпен орындап, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, кафедраның күшімен ұйымдастырылған республикалық деңгейдегі қытай тілі олимпиадасын өткізуде өзін мықты ұйымдастырушы ретінде де көрсетті. Студенттер мен әріптестері арасында өте беделді. Керімбаев Е.Ә. 2011 жылы шығыстану факультетінің шетел филологиясы мамандығына 1 жылдық магистратураға оқуға түстіп, 2012 жылы үздік бітіріп шықты. 2013-2014 оқу жылында Керімбаев Ержан шығыстану факультетінің студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы бағытын басқарды. Оның жетекшілік етуімен көптеген студенттер түрлі деңгейдегі конкурстарда жүлдегер атанды. Кафедра ұжымының ұсынысымен Керімбаев Ержан 2014-2015 және 2015-2016 оқу жылында кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары болып тағайындалды және өзіне жүктелген міндеттерді толығымен атқарып шықты. Керімбаев Е.Ә. 2016-2019 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «шығыстану-6D020900» мамандығы бойынша докторантурада оқыды. «Қытайдың сыртқы тілдік саясаты және Қазақстанда қытай тілінің таралуы» деген тақырып бойынша зе


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2000

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
23.02.2021
Қызығушылығы

5

Керимбаев Ержан Абдраимович

«Қытай тілі тұрақты сөз тіркестеріндегі тағам мәдениетінің тілдік бейнесі» 2012 - г. 6 - стр. 58
6

Керимбаев Ержан Абдраимович

Қытай фразеологизмдеріндегі ұлттық танымның бейнесі 2013 - г. 102 - стр. 64
7

Керимбаев Ержан Абдраимович

Сун Ятсен және Қытайдағы ұлттық мәселе 2010 - г. 154 - стр. 50
8

Керимбаев Ержан Абдраимович

Орыс және қытай тілдеріндегі метафоралардың қолданылуы мен мағынасын салыстыру. 2003 - г. 76 - стр. 23
9

Керимбаев Ержан Абдраимович

ҚЫТАЙДЫҢ ӘЛЕМГЕ МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҚ САЯСАТЫ 2017 - г. 8 - стр. 9
10

Керимбаев Ержан Абдраимович

ҚЫТАЙДЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ТІЛДІҢ РӨЛІ 2017 - г. 6 - стр. 83
11

Керимбаев Ержан Абдраимович

Қазақстандағы қытай тілін оқыту ісінің мәселелері 2017 - г. 3 - стр. 1
12

Керимбаев Ержан Абдраимович

Қытайдың сыртқы саясатындағы тілдің рөлі 2018 - г. 11 - стр. 6
13

Керимбаев Ержан Абдраимович

MAIN FACTORS OF CHINA’S SOFT POWER IN CENTRAL ASIA 2020 - г. 13 - стр. 21
14

Керимбаев Ержан Абдраимович

ҚАЗАҚСТАНДА «БІР БЕЛДЕУ – БІР ЖОЛ» АЯСЫНДА ҚЫТАЙ ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАРҚЫНДЫ ТАРАЛУЫ 2022 - г. 7 - стр. 2
15

Керимбаев Ержан Абдраимович

«Қазақстанда «Бір белдеу – бір жол» аясында қытай тілі мен мəдениетінің қарқынды таралуы» 2022 - г. 6 - стр. 101