Дәуен Динара Бақыткерейқызы Қазақстан Республикасының азаматы, Қостанай облысында туған. 2001-2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «Аймақтану» (қытай бағыты) мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде оқып, оны үздік бітірді. 2005-2007 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің «Аймақтану» мамандығы бойынша білім алып, оны үздік бітіріп, магистр дәрежесін алды. 2007-2008 жылдар аралығында Қытайдың Пекин қаласындағы Пекин тілдер және мәдениет университетінде тілдік тағылымдамадан өтті. Кәсіби қызметін Д.Б. Дәуен 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасында қытай тілі пәнінің оқытушысы болып бастады. 2011 жылы «Шығыстану» мамандығы бойынша Ph.D докторантураға түсіп, 2014 жылы «Елді модернизациялауда Қытай Коммунистік партиясының рөлі» тақырыбында диссертация қорғап, шығыстану ғылымы бойынша философия докторы (Ph.D) ғылыми дәрежесін алды. Докторантурада оқу барысында және одан кейінгі жылдары Гарвард университетінде (Кембридж, АҚШ, 2013 ж.), Нью-Йорк университетінде (Нью-Йорк, АҚШ, 2012 ж.) ғылыми тағылымдамадан өтті және Фудан даму институтының гранты бойынша Фудан университетінде (Шанхай, Қытай, 2016 ж.) шақырылған зерттеуші ретінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Сондай-ақ, Қытай тілі кеңсесінің (汉办) ұйымдастыруымен әр жылдары қытай тілі, оқыту әдістемесі және оқулық құрастыру Сямэнь университетінде, Пекин педагогикалық университетінде, Пекин тіл және мәдениет университетінде, Шыңжаң университетінде біліктілігін арттырған. Докторантураны бітіргеннен кейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне мемлекеттік білім грантын өтеу бойынша жұмысқа жіберіліп, 2015 жылдан бастап екі университетте жұмыс істеді. 2017-2018 жылдар аралығында конкурс арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қытайтану кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Ал 2018-2022 жж. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУдің шығыстану факультетінің деканы қызметін атқарды. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қытайтану кафедрасының доценті. және Қазақстан қытайтанушылар қауымдастығының төрайымы. Дәуен Д.Б. оқу, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру жұмыстарымен белсенді түрде айналысады, магистранттарға, докторанттарға жетекшілік етеді, Қазақстандағы және Қырғызстандағы ЖОО білім беру бағдарламаларын бағалайтын АРТА/IAAR (Қазақстан), EDNET (Қырғызстан) агенттіктерінің аккредиттеу комиссиясының тұрақты эксперті.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2007

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
19.03.2015
Қызығушылығы