Анипина Алия Кәркенқызы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетін «Шетел филологиясы-қытай тілі» мамандығы бойынша үздік бітірді. 2002 ж.ҚХР-ның Ланчжоу қаласында тіл жетілдіру тәжірибесінен өтті. 2012 ж. «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. А.К. Анипина педагогикалық жұмыспен қатар факультеттің және университеттің қоғамдық өміріне де белсене араласады: 2004-2017 жж. қытайтану кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысын атқарды. Ғылыми жұмысы бойынша А.К. Анипина 3 оқу құралын (авторлық бірлестік), 2 тілдескіш-сөздікті, 2 сөздікті (авторлық бірлестік), Ұлттық банкпен бірлесіп «Банк қызметкерлеріне және банк қызметін тұтынушыларға арналған тілдескіш (қазақша- қытайша, қытайша-қазақша) құрастырды, халықаралық ғылыми конференцияларға, хабаршыға 30-дан аса мақалалар мен 40- тан астам имидждік мақалалар жариялады. А.К. Анипина 2011-2012 оқу жылында кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары болды. А.К. Анипинаның атқарған эдвайзерлік жұмысы 2012-2013-2014 оқу жылдарында 3 жыл қатарынан факультет деңгейі бойынша рейтингтік балы өте жоғары көрсеткішті көрсетіп, Ыстық көлге жолдама алды. 2014-2015 оқу жылында Шығыстану факультетінде Әдістемелік бюро төрағасы болды. 2017-2018 оқу жылында Шығыстану факультеті оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары қызметін атқарды. 2018-2021 жж. «6D021000-Шетел филологиясы» мамандығы бойынша докторантураны бітірді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2004 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
19.04.2024 |
«Терминологический казахско-китайский словарь по экономике в сфере нефти и газа.»
"Қазақуниверситеті" 2012 - г. 200 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қытай тіліндегі антоним сөздер сөздігі
Алматы "Қазақ университеті" 2013 - г. 15 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қытай тілінің фонетикасы
" Қазақ университеті " 2013 - г. ISBN 978-601-04-0021-4 8 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Қытай каллиграфиясының шығу тарихы
" Қазақ университеті " 2017 - г. ISBN 9786010422544 80 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0