2005 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География факультетінің «050609-География» мамандығының 1-курсына түсіп, 2009 жылы жоғарғы оқу орнын үздік тәмәмдаған. 2009 жылы География факультетінде «6N0609-География» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2011 жылы «Қаратау жотасының солтүстік беткейіндегі ландшафтарға иерархиялық талдау жасау» атты тақырыпта магистрлік диссертациясын қорғап (ғылыми жетекшісі – б.ғ.д., профессор Ж.Ү. Мамутов), «Жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алды. 2019 жылы Қ.И. Сатпаев атындағы Ұлттық ғылыми зерттеу техникалық университетінің «6D071100- Геодезия» мамандығындығы бойынша PhD докторантурасын бітірді. Ғылыми зерттеу жұмысы кен орындарындағы жер бетінің қозғалу процесін мониторинг жасауға бағытталған (ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., профессор Ж.Д. Байгурин). 2009 жылы «Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында» маман. 2010 жылы «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында картограф. 2011 жылы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ геодезист-инженер қызметтерін атқарған. 2011 жылы картография және геоинформатика кафедрасына ассистент болып жұмысқа қабылданды. Қазіргі таңда аталмыш кафедраның аға оқытушысы. 2019 жылдан бастап ҚазҰУ инжиниринг және жоғары технологиялар кластері бас директорының орынбасары. Ө.Ж. Таукебаев 2012 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орындары оқытушыларының Біліктілікті арттыру институтында «Геодезия және картография» мамандығы бойынша және 2013 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ҚР ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Әр жылдарда Австрия, Венгрия, Нидерланды мемлекеттерінде ғылыми конференциялар мен тренингтердің қатысушысы. 2019 жылы Мичиган технологиялық университетінде (АҚШ) ғылыми тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар, халықаралық ТЕМПУС «Геоинформатика: энергия, ресурстар және қоршаған ортаны басқару» (2010-2013 жж.), «SESREMO – Қазақстанда, Әзірбайжанда, Израильде экологиялық жүйе мониторингі үшін қашықтықтан зондылау аясында білім беруді жетілдіру» (2013-2016 жж.) жобаларының және де бірқатар республикалық ғылыми жобалардың қатысушысы. Ғылыми жұмыс аясында 20-дан аса мақала, 3 авторлық куәлік және 1 монография жарияланған. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік жас ғалымы-2016»
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
2011 |
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2009 |
Ердавлетов С.Р., Искакова К.А., Артемьев А.М., Абишева З.М., Абдреева Ш.Т., Актымбаева А.С., Жумадилов А.Р., Аблеева А.Г., Асылбекова А.А.
" Қазақ университеті " 2014 - г. ISBN 978-601-04-0945-3 5 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Алматы Болашак 2019 - г. ISBN 978-601-7461-45-4 100 - стр. ҚАЗАҚСТАН
Спанкулова Л.С., Керимбаев А.Р., Нұрұлы Е..
Диффузия инноваций, переток знаний и экономический рост регионов Казахстана: концептуальные основы и механизмы реализации
"Алматы-Болашақ" 2019 - г. ISBN 978-601-7461-45-4 100 - стр. ҚАЗАҚСТАН
0
құжаттар
0