Бурлибаева Шугыла Мейрамбековна 1995 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. 2016 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География және табиғатты пайдалану факультеті "Жерге орналастыру" мамандығы бойынша бакалаврды аяқтады. 2016 жылы "Гидрология" мамандығына магистратураға түсіп, 2018 жылы "Гидрология" мамандығы бойынша "Жаратылыстану ғылымдарының магистрі" дәрежесін алды. 2018 жылы Картография және геоинформатика кафедрасы "Геодезия" мамандығы бойынша PhD докторантураға оқуға түсіп, докторантураны 2021 жылы аяқтады. 2019 жылы 1-қыркүйектен бастап Картография және геоинформатика кафедрасына оқытушы болып жұмысқа орналасты. Докторантурада білім алған жылдары SCOPUS базасында 2 мақала, ККСОН және халықаралық конференцияларға бірнеше мақала жариялаған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2016
Қызығушылығы