Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Картография және геоинформатика / Такибаев Жасулан Даудибаевич
Такибаев Жасулан Даудибаевич
картография және геоинформатика кафедрасы
Scopus author ID: 59242030600
tattymau@gmail.com
Такибаев Жасулан Даудибаевич 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
«Картография» мамандығына оқуға түсіп, 2007 жылы аталған мамандықты толық аяқтадым.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімімен маған «Картограф, география пәнінің оқытушысы»
біліктілігі берілді.
2014–2016 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасында білім
алып, «6M071400 – Картография» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі академиялық
дәрежесін алдым.
2009–2021 жылдар аралығында Алматы қаласында орналасқан «География және су қауіпсіздігі
институты» АҚ-да кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істедім. Осы жылдары Қазақстан
Республикасының 3 томдық Ұлттық Атласын жасау жұмысына 5 жыл көлемінде тікелей атсалыстым.
2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты Орталық Азия аймақтық
гляциологиялық орталығының Қар және мұздық ресурстары динамикасын мониторингілеу
зертханасында ғылыми қызметкер болып еңбек етемін.
Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1 жыл бойы оқытушы болып
жұмыс істедім. Сабақ берген пәндерім:
• «Ғарыштық суреттерді өңдеу»
• «Аэроғарыштық түсірілімдерді сандық өңдеу»
Қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасында «Табиғи-
техногендік қауіп-қатерлер» мамандығы бойынша білім алудамын.
Кәсіби еңбегім еленіп, 2023 жылы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталдым.
Ғылыми баяндамалар
• 1–4 қараша 2022 ж., Алматы қ. – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Криосфера и связанные с ней опасности в Высокогорной Азии в условиях меняющегося климата».
Баяндама тақырыбы: «Современные изменения снежного покрова на территории бассейна р. Арыс,
хребет Огем, Казахстан» (авторлар: Н.В. Пиманкина, Ж.Д. Такибаев).
• 20–21 наурыз 2023 ж., Душанбе қ. – Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Сохранение ледников — основа обеспечения водной, продовольственной, энергетической и
экологической безопасности».
Баяндама тақырыбы: «Колебания снежного покрова бассейна р. Арыс, Западный Тянь-Шань» (автор:
Ж.Д. Такибаев).
Бірінші жоғарғы білімі
| Білім беретін мекеме | Квалификация | Аяқталу күні |
|---|---|---|
| әл-Фараби атынд.ҚазҰУ | Жоғары | 2007 |