Арыстанова Ранида 1987 жылғы 4 шілдеде Қазақстанның Тараз қаласында дүниеге келген. 2005
жылы Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясын үздік бітірген.
2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің (ҚазҰУ) география факультетіне
«География» мамандығы бойынша оқуға түскен. 2009 жылы «География бакалавры» дәрежесін алып,
оны тәмамдады.
2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің (ҚазҰУ) география факультетінің
«География» мамандығы бойынша магистратурасына түсті. Оқу кезеңінде университеттің өміріне
белсене қатысып, студенттердің ғылыми конференцияларына қатысушы болды. 2010 жылы магистрлік
жұмысы бойынша «Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты» ЖШС-нде
өндірістік тәжірибеден өтті.
2011 жылы ақпан айында «Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты»
ЖШС-ндегі «Ауыл шаруашылығы өндірісінің ғарыштық мониторингі» зертханасына картограф-инженер
болып жұмысқа қабылданды. 2015 жылы ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды. 3 жыл бойы
түрлі жобалар бойынша ғылыми-тәжірибелік зерттеулерге қатысты. «Жерді қашықтықтан зондтау
ғарыш аппараттарының жерүсті мақсатты кешенін құру және пайдалану негіздері», «Жерді
қашықтықтан зондтау деректерін өңдеудің заманауи технологиялары мен құралдары», «Геодеректер
базаларын құру», «ArcGIS Spatial Analyst-пен жұмыс істеу негіздері» тақырыптары бойынша
біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2011 жылы «География» мамандығы бойынша Жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алып,
магистратураны тәмамдады.
2011 жылдан 2024 жылға дейін «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығында»
жұмыс істеді, өндірістік өтілі - 14 жыл.
2021 жылдан бастап қазіргі күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің
«Картография және геоинформатика» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді, оқытушылық
өтілі 4 жыл.
2024 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география факультетінің «Картография және геоинформатика»
кафедрасының «Картография» мамандығы бойынша докторантураның 1-курсына оқуға түсті. Оқу
мерзімі 3 жыл.
Қазақстандық және халықаралық басылымдарда 29 жұмысы бар, оның ішінде бір монографиясы бар.
Тұрғылықты мекенжайы және тіркелуі: Алматы қ., Мамыр-1 шағын ауданы, 20-пәтер.
Тел.: 8 777 463 22 68.