Қайранбаева Г.Қ. 2004 жылы география факультетіне Талдықорған қаласының №24 «экономика және бизнес» лицейін бітіре түсті. Университетте оқу барысында Гаухар өзін ізденісі мол және өзінің белсенділігімен көзге түсті. 2008 жылы «География» мамандығы бойынша бакалаврды бітірді. Сол жылы аталған факультеттің магистратурасына түсіп, 2010 жылы геоморфология мамандануы бойынша үздік бітірді. Қайранбаева Г.Қ г.ғ.к., доцент Керімбай Н.Н. жетекшілігімен «Солтүстік Тянь -Шань таулы аймағының сейсмологиялық жағдайын зерттеу» тақырыбында магистрлік жұмысын орындады. «ҚазҰУхабаршысы» журналында өзінің тақырыбы бойынша ғылыми мақаласы жарық көрген. 2010 жылы «магистранттардың шетелдердегі тәжірибе» бағдарламасы бойынша «Зальцбург мемлекеттік университетінде» (Зальцбург, Австрия) 01.03-26.04 аралығында UniGIS орталығында тәжірибе алды. Тәжірибе барысында ГАЖ бағдарламалары бойынша білімін жетілдірді. Факультетте өткізілген студенттік ғылыми конференцияларға қатысып, оның ғылыми жұмыстары марапатталып тұрды. Сонымен қатар факультеттің және университеттің қоғамдық өміріне де белсене араласты. MapInfo, ArcView, ArcGIS, Surfer, GeoTransformer сияқты ГАЖ бағдарламаларын және ағылшын тілін де жетік меңгерген. 2010-2011 оқу жылында «геоморфология және картография» кафедрасында ассистент қызметін атқарды. «Сандық картография», «геоинформатика», «геодезия» және т.с.с. пәндердің лабораториялық сабақтарын жүргізіп, оқу барысында алған білімдерін қолдана алды. 2011 жылы «6D060900- География» мамандығы бойынша PhD-докторантураға түсіп, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында оқытушы қызметін қосымша атқарды. 2015 жылы «Алматы облысы мысалында ауыл халқының өмір сүру сапасын бағалау» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Магистратура мен докторантурада оқыған кезінде Зальцбург университетіндегі Z_GIS зерттеу орталығында ғылыми тағылымдамадан өтті. Ғылыми зерттеулері экономикалық және әлеуметтік география, географиялық зерттеулерде ГИС технологияларын қолдану бағыттарында жүргізіледі. Халықтың өмір сүру сапасын бағалау және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-демографиялық мәселелер бойынша еңбектері бар. Еңбек өтілі 15 жыл, PhD докторы, геоинформатика және картография кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму орталығының аға ғылыми қызметкері.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2008

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
16.03.2016
Қызығушылығы