Басты бет / География және табиғатты пайдалану / Картография және геоинформатика / Алишева Жанат Нуркуатовна

Алишева Жанат Нуркуатовна

Лауазымы: доцент м.а.
Картография және геоинформатика
Scopus author ID: 57203549165
zhannat_86.2007@mail.ru
       Алишева Жанат Нуркуатовна 2007 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде бакалаврды "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша бітірді, 2009 жылы сол мамандық бойынша магистратураны бітірді. 2015 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-не "Мұнай Газ ісі" мамандығы бойынша докторантураға қабылданды. 2022 жылы PhD докторлық диссертациясын қорғады. Докторантурада оқып жүрген кезінде Ресей Федерациясында, Мәскеу қаласында И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ институтында (ҒЗУ) ғылыми тағылымдамадан өтті. 2008 жылы Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен институтының “Кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі” бөліміне инженер болып қабылданып, 2010 жылы аталмыш интситуттың "Тау қысымы" бөліміне кіші ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды. 2013 жылдан 2014 жылға дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінде оқытушы болып жұмыс істеді. 2017 жылы Д. А. Қонаев атындағы Тау-кен институтының "Кен орындарын игерудің физика – техникалық мәселелері" бөліміне аға ғылыми қызметкер лауазымына ауыстырылды. Жұмыс барысында ҒЗЖ-ға белсенді қатысты, әр жылдың гранттық қаржыландыру және ПЦФ орындаушысы болды. Ғылыми өтілі 14 жыл, педагогикалық өтілі 5 жыл. Скопус және WOS базаларында жоғары рейтингті, Q2, Q3 журналдарында 9 мақаласы бар. Хирш индексі-4, және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіндегі журналдарда 10-нан астам мақаласы жарық көрді. 2021 жылдан 2022 жылға дейін Каспий қоғамдық университетінде геология және мұнай-газ ісі және IT институтында сениор-лектор болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, осы университетте ғылым бойынша деканның орынбасары болып жұмыс істеді.
Автордың құжаттары

0

Цитирования

0 по 0
құжаттар

h-индексі

0