ҚазҰТУ - "Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру технологиясы және кешенді механикаландыру" мамандығы бойынша бітіргеннен кейін 1995-1996 жылдар аралығында ҚР Қарулы Күштерінде қатардағы жауынгер ретінде (топографиялық қызмет) мерзімді қызмет атқарды. 1996 жылдан 2004 жылға дейін "Геосервис" ЖШС-де инженер-іздеуші болып жұмыс істеді. 2004 жылдан 2017 жылға дейін Қ.и. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да "мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану" кафедрасында аға оқытушы, доцент лауазымында жұмыс істеді. 2010 жылы 25.00.22 – Геотехнология (жерасты, ашық және құрылыс) мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, 2011 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінде бекітілді. 2008-2017 жылдары 5В070800 – Мұнай-газ дело мамандығының бакалаврлары үшін "Жерасты гидромеханикасы", "суйық және газ физикасы", "мұнайгаз өндірісінің техникасы мен технологиясы"пәндері бойынша дәріс сабақтарын өткізді. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Химия және химиялық технология факультетінің Физикалық химия, катализ және мұнай-химия кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. "Мұнай-газ дело" магистратурасының 2 білім беру бағдарламасын әзірлеуші және үйлестіруші, оның бірі Лотарингия университетімен екі дипломдық бағдарлама. 20-дан астам ғылыми еңбектердің авторы, оның 3-і Scopus базасында, 4 авторлық куәлік, 3 оқу құралы жеке және бірлесіп жазған. Жалпы еңбек өтілі 33 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтілі 17 жыл.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

Ленин атынд.ҚазПТИ
Жоғары
1995

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
27.12.2014
Қызығушылығы