ДЖАНГУЛОВА ГҮЛНАР ҚАБАТАЕВНА Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. 1972 жылы М.Әуезов атындағы, мектепке барып, 1981 жылы алтын медальмен бітірді. 1981 жылы Қазақ политехникалық институтына оқуға түсті, 1986 жылы институтты үздік бітіріп, жас маман ретінде Ертіс полиметалл комбинатына, Ертіс кенішіне жерасты учаскелік маркшейдер болып жұмысқа жіберілді. 2001-2012 жылдары Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институтында жұмыс істеді. 2012 жылдан осы күнге дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да картография және геоинформатика кафедрасында қызмет етіп келеді. Картография және геоинформатика кафедрасында жұмыс істеген уақытында орыс және қазақ тілдерінде магистранттар мен бакалаврларға арналған «Физикалық геодезия», «Геодезия практикумы», «Ғимараттар мен құрылыстардың құрылысындағы геодезиялық жұмыстар» оқу құралдарының авторы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Қ.И.Сәтбаев ҚазҰТУ |
Жоғары |
1986 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
23.12.2009 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
24.11.2022 |
13
құжаттар
6