Б.Б. Кәрібаев 1964 жылы 9 қаңтарда Қызылорда облысы Арал ауданы Ақеспе ауылында дүниеге келген. 1971 - 1979 жылдары Ақеспе ауылындағы №80 Сарбасат 8-жылдық мектебінде оқиды. Оны үздік бітіріп, Қызылорда қаласындағы политехникумда білімін жалғастырады. Оны аяқтағаннан кейін 1983-1985 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет атқарады. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы «тарихшы және қоғамтану пәндерінің оқытушысы» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтайды және жас маман ретінде өзі маманданған тарих факультетінің Қазақ ССР тарихы кафедрасына ассистент қызметіне қалдырылады. Сол кезден күні бүгінге дейін Б.Б.Кәрібаев сол кафедрасында оқытушылық қызмет атқарып келеді. Ол ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор секілді қызметтік сатылардан өтті. 2016 жылдан бері университеттегі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. 1996 жылы ҚР ҰҒА академигі, профессор Б.Е.Көмековтың ғылыми жетекшілігімен «XV ғ. соңғы XVI ғ. алғашқы ширегіндегі Қазақ хандығының Мауереннахр билеушілерімен саяси қарым- қатынастары» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1999 жылы доцент атағына ие болды. Ал 2010 жылы ҚР ҰҒА академигі Б.Е.Көмековтың ғылыми кеңесшілігімен «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, 2011 жылы профессор атағын алады. Б.Б.Кәрібаев жалпы саны 700- ге жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік жұмыстар мен оқу, оқу- әдістемелік құралдардың авторы. Оның ішінде жеке 20 монографиялық кітаптың, 40-тан аса авторлық ұжыммен жазылған кітаптардың, 4 тарихи анимациялық фильмнің сценарийінің авторы. 2012 жылы Б.Б.Кәрібаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі, ал 2020 жылы ҚР ҰҒА академигі болып сайланды. Ғылыми жетістіктері үшін Б.Б.Кәрібаев 1995 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 1998 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің лауреаты атанды. 2015 жылы «Кітап мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін» алтын медалімен және «2015 жылғы ЖОО үздік оқытушысы» медалімен марапатталды. 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. 2021 жылы «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. Сонымен бірге «Жалаңтөс батыр», «Бұхарбай батыр» және тағы басқа он шақты медальдарының иегері. Б.Б.Кәрібаев 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының мерекесін дайындау және өткізу жөнінде құрылған үкіметаралық комиссияның құрамында жұмыс жасады. 2017-2019 жж. әл-Фараби ат
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
1990 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
15.03.1996 |
|
Доктор |
28.12.2010 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
доцент |
12.02.1999 |
2
құжаттар
1