Н.А.Тасилова 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетіне оқуға түседі. Тарих факультетінің бакалавр бөлімін 2003 жылы үздік дипломмен аяқтап, магистратура бөліміне түсіп, оқуын жалғастырады. 2005 жылы магистратура бөлімін үздік дипломмен аяқтап, 2005-2006 оқу жылында деректану және тарихнама кафедрасына оқытушы қызметіне қалдырылды. 2006 жылы кафедраның шешімімен аспирантураға ұсынылған. Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері бойынша маманданған. 2006-2008 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқып, ««Қырғыздардың (Қазақтардың) жер пайдалану материалдары...» - қазақ қоғамының рулық-тайпалық құрылымы тарихының дерек көзі (ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы)» атты кандидаттық диссертация тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. Тарих факультетіндегі Д14А.01.32 кеңесінде 2009 жылы 23 қаңтарда сәтті қорғаудан өтті, осы жылы ҚР БҒМ 21 мамырда тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы бекітілді. Н.А. Тасилова 2005-2007 жж. Деректану және тарихнама кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2007-2008 жж. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы тарихы кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. Сонымен қатар 2008-2010 жылы оқу орнындағы колледжде аға оқытушы қызметін атқарды. 2013 ж. бері ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультеті Қазақстан тарихы кафедрасында доцент қызметін атқаруды. 06.09.2017 жылы қауымдастырылған профессор атағын иеленді. ҚР БжҒМ "Талантты жас ғалым" 2008-2010, 2010-2012, 2016-2017 жж. стипендиясының иегері. Н.А. Тасилованың еңбек өтілі – 22, оның ішінде ғылыми-педагогикалық – 17 жыл. Кафедра ұжымы құрамында жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 2, жеке 2 монография, министрліктің грифімен 6 оқулық, қазақ, ағылшын тілдерінде, 6 оқу құралын дайындауға қатысты. Ғылыми еңбектерінің саны – 200-ден астам. 2013 оқу жылынан кафедраның метод.тобының мүшесі және 2016-2018 жж факультеттің метод. бюросының төрайымы қызметін атқарған. 2021 оқу жылынан кафедраның кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. 2022 ж Тарих факультетінің Ғалым хатшысы. Scopus базасында 3 мақаласы жарық көрді. АҚШ, Испания, Түркия, Дубай, Ресей, Ұлыбритания және т.б. елдерде ғылыми мақалалары жарияланған. Имиджі көтеру бағытында Қазақстан, Моңғолия, Қытай БАҚ құралдарында мақалалары жарық көрген. Н.А. Тасилова әрдайым ғылыми-педагогикалық біліктілігін арттыруда. Шет мемлекеттерден Испания, Германия, Түркия, 2016 жылы «Өрлеу», 2018, 2021 ж. ҚазҰУ БАИ біліктілігін арттырып, сертификаттар мен патенттер иеленген.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2005

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
21.05.2009

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
06.09.2017
Қызығушылығы