Саргелтаева Ардақ Құрманалықызы 1964 жылы 22 тамызда Жамбыл облысы Луговой ауданы (қазіргі Т.Рысқұлов ауданы) Тереңөзек селосында дүниеге келген. 1981 ж №15 Жамбыл атындағы орта мектепті үздік бітірді. 1981-1997 жж. Ф.Э.Дзержинский атындағы АӨТБ еңбек етті. 1997-2002 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 2000-2003 жж. «KAZGOR» жобалау академиясында ақпараттық технологиялық орталық бөлімінде аудармашы; 2003-2007жж. Қазақстан Қарулы Күштерінің Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының Басқармасында капитан лауазымында офицер-аудармашы, мемлекеттік тілде оқытушы; 2008-2020 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факльтетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында жетекші маман қызметін атқарды. 2018-2020 жж. «6М021400-Әдебиеттану» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. Гуманитарлық ғылымдар магистрі. 2020 жылдан осы уақытқа дейін қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасында оқытушы қызметін атқарады.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2002 |
0
құжаттар
0