Шохан Амангелдіұлы Шортанбай 1969 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін(1991), Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін(ТИГУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша (2015) бітірген. 1991 жылдан қазақ әдебиетінің тарихы және сыны кафедрасының ассистенті. 2001 жылдан қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы. Педагогика ғылымдары магистрі. Ш. Шортанбай осы уақыт аралығында «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәндерін, сонымен қатар «Алаш поэзиясындағы азатшыл идея», «Қазіргі қазақ әңгіме-повестері» атты элективті курстар жүргізіп келеді. Шохан Шортанбайдың ғылыми-әдістемелік мақалалары түрлі жинақтарда, Хабаршыларда, сондай-ақ, Қытай (2010), Қырғызстан (2011), Ресей (2015), Польша (2012, 2015), Англия (2019) мемлекеттерінің ғылыми журналдарында жарияланған. Халықаралық рейтингтегі журналдарда (Скопус) мақаласы жарияланған (2019). «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (2017), «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі» (2017) электронды оқу құралдары, «Қазақ фольклоры мен әдебиеті бойынша мәтін талдау сабақтары» (2019) оқу-әдістемелік құралы авторларының бірі. Бірнеше авторлық куәлік, халықаралық сертификат иегері. Факультет өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Факультеттің аға куратор- эдвайзері, ҚТӘ18-2К тобының куратор-эдвайзері. «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалінің иегері.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1991
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0