Пазылбек Бисенбаев 1964 жылы 18 шілдеде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. Қазалы ауданында Қ.Сәтбаев атындағы №216 қазақ орта мектебін бітірген соң, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1990 жылы аяқтаған. Университетті тәмамдағаннан кейін, ҚР Ұлттық Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері ретінде «Қазақ халық әдебиеті» сериясымен шығып жатқан көптомдықтарды дайындауға қатысады. Пазылбек Бисенбаевтың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасындағы ұстаздық қызметі 1993 жылдан басталады. Ол – «Тарихи жырлар», «XIX ғасырдағы тарихи жырлар», «Кенесары–Наурызбай туралы тарихи-фольклорлық үлгілер», «Шығыстық қисса-дастандар: нұсқалары мен типологиясы», «Жүсіп туралы қисса- дастандар» атты оқу құралдарының авторы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бағдарламасы бойынша шығып жатқан «Қазақтың көне эпосы», «Абай» кітаптарының, елу томдық «Абайтану» мен «Нысанбай жырау» жинағын құрастырушылардың бірі. Әдебиетші-ғалымның одан басқа «Жүсіп-Зылиха дастанының нұсқалары: дәстүр мен жаңашылдық» атты монографиясы, екі жүзге жуық ғылыми-танымдық мақалалары жарық көрген. П.Бисенбаев 2010-2016 жылдары негізгі жұмысынан қол үзбестен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында аудармашы әрі редактор, «Абай институтының хабаршысы» журналының ғылыми редакторы, Abai inst.kz сайтының бас редакторы қызметтерін қатар атқарады.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1990
Қызығушылығы