Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы 1980 ж. ОҚО, Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1997-2001 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавриатты тәмамдады. 2001-2003 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Филология» мамандығы бойынша магистратурасында оқып, «филология магистрі» біліктілігі мен академиялық дәрежесін алды. 2003-2005 жж. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2005-2008 жж.а Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспирантурасында оқыды. 2011-2014 жж. Орталық Азия университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. 2014-17 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша (PhD) докторантураға түсіп, «Қазіргі прозадағы постмодернизм» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғап, 2018 жылы PhD докторы дәрежесін алды. 2015 жылдан осы уақытқа дейін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет атқаруда. Сәулембек Гүлмира – «Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығындағы өнердің рөлі», «Қазіргі жаһандану дәуіріндегі «Рухани жаңғыру» концепті: Ұлттық кодтың көркемдік және әдебиеттанулық негіздері», «Қазіргі әдеби процестің даму тенденциялары» ұжымдық монографияларының серіктес авторы, «Қазақ прозасындағы мистика» атты жобаның жетекшісі әрі редакторы, 40-тан астам ғылыми мақаланың авторы.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
Яссауи атынд.ХҚТУ |
Жоғары |
2001 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
03.05.2018 |
1
құжаттар
0